KZ
9 шілде 2025, 13:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.11.2024 16:12 #Нормативтік база

05 қарашадан бастап Мүшелік туралы қағидаға және Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді

/KASE, 07.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді:

  • Мүшелік туралы қағидаға № 10 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға № 21 өзгерту.

Бұл түзетулер 2024 жылдың 05 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді.

Түзетулер ұйымдардың KASE мүшелігінің шарттары мен тәртібін өзектендіру және оңтайландыру мақсатында енгізілді.

Мүшелік туралы қағидаға келесі негізгі өзгерістер енгізілді:

  • "валюта", "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша АХҚО қатысушы болып табылатын KASE мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар нақтыланды;
  • KASE мүшелігіне кандидаттарға және әр түрлі типтегі KASE қазіргі мүшелеріне (резиденттер, шетелдік заңды тұлғалар және АХҚО қатысушылары) қатысты KASE мүшесіне және/немесе оның қатысушыларына/акционерлеріне/лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ түпкілікті бенефициарларға қатысты санкциялық шектеулердің болмауы бойынша талап енгізілді;
  • нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді.

Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға мынадай негізгі өзгертулер енгізілді:

  • "валюталық" санаты бойынша АХҚО қатысушылары болып табылатын KASE мүшелеріне мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар белгіленді;
  • нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді.

Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Мүшелік" қалташасы).

[2024-11-07]