05 қарашадан бастап Мүшелік туралы қағидаға және Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 07.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді:
- Мүшелік туралы қағидаға № 10 өзгертулер мен толықтырулар;
- Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға № 21 өзгерту.
Бұл түзетулер 2024 жылдың 05 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді.
Түзетулер ұйымдардың KASE мүшелігінің шарттары мен тәртібін өзектендіру және оңтайландыру мақсатында енгізілді.
Мүшелік туралы қағидаға келесі негізгі өзгерістер енгізілді:
- "валюта", "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша АХҚО қатысушы болып табылатын KASE мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар нақтыланды;
- KASE мүшелігіне кандидаттарға және әр түрлі типтегі KASE қазіргі мүшелеріне (резиденттер, шетелдік заңды тұлғалар және АХҚО қатысушылары) қатысты KASE мүшесіне және/немесе оның қатысушыларына/акционерлеріне/лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ түпкілікті бенефициарларға қатысты санкциялық шектеулердің болмауы бойынша талап енгізілді;
- нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді.
Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға мынадай негізгі өзгертулер енгізілді:
- "валюталық" санаты бойынша АХҚО қатысушылары болып табылатын KASE мүшелеріне мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар белгіленді;
- нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Мүшелік" қалташасы).
[2024-11-07]