/KASE, 07.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 қарашасында "First
Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00012706 (TSBNpp1; 1 000 теңге,
100,0 млрд теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360)
облигацияларын "жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 07 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/TSBNpp1/
[2024-11-07]