KASE листингілік комиссиясы "First Heartland Jusan Bank" АҚ KZ2C00012706 (TSBNpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

06.11.24 17:49
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы (KASE) 2024 жылдың 06 қарашаында "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00012706 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға TSBNpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-11-06]