Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АНОНС: 13 ҚАРАШАДА KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 13 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу тақырыбы "2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерге шолу". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00.
Іс-шара спикерлері:
- Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі;
- Алмас Оңғарсынов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет толығырақ
[2024-11-06]