/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
13 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ
басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу тақырыбы "2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы
қаржылық нәтижелерге шолу". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы
уақытымен сағат 11:00.
Іс-шара спикерлері:
- Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі
орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі;
- Алмас Оңғарсынов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі
орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZYsceqprT0uGtBAECDrPkndIDquiwYzcX3t#/registration
[2024-11-06]