KZ
RU
EN
15 қыркүйек 2026, 18:00
KZ
RU
EN
Кіру
31.10.2024 21:30 #Сауда-саттық ақпараты

31 қазан күні Қазақстан қор биржасында BI Development Ltd. жеке компаниясы жазылым арқылы өзінің KZ2D00012457 (BIGDb1) екі жылдық облигацияларын жылдық 17,25 %-бен орналастырып, 15,0 млрд теңге тартты

/KASE, 31.10.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде BI Development Ltd. (Астана) жеке компаниясының KZ2D00012457 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb1; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 31.10.24 – 31.10.26; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраныс параметрлері мен жазылым нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылуды жүргізудің бастамашысы "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болды.

-------------------------------------------------------------
СҚРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------ ------------
Қатысушылар саны:                                7
Қатысушылардың шоттар саны:                      164
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),    174 / 167
оның ішінде:
- шектелімді:                                    159 / 153
– нарықтық:                                      15 / 14
Белсенді өтінімдер көлемі*, теңге:               18 836,9
оның ішінде:
- шектелімді:                                    18 329,1
– нарықтық:                                      507,8
Ұсынымға сұраным:                                125,6 %
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық %
(барлығы / белсенді):
– минималды                                      16,2500
– максималды                                     17,5000
– орташа сараланған                              17,2498
-------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған кезде
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде Растау
  жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 30,0 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 24,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 38,7 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 2,8 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 4,5 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,           15 000 000
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:    15 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                161
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   7
Қатысушылардың шоттар саны:                       119
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 100,0
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон            17,25
мөлшерлемесі, жылдық %:
------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 29,2 % – банктер, 22,5 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 38,5 % – басқа институционалдық инвесторлар, 2,7 % – басқа заңды тұлғалар, 7,1 % – жеке тұлғалар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

-------------------------------------------- ------------------------
Жазылым жүргізу күні:                        31.10.24
Орналастырылатын облигациялар саны, теңге:   15 000 000 000
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 10:00–14:30
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            31.10.24, 16:30
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 31.10.24, 16:30
---------------------------------------------------------------------

[2024-10-31]