KZ
15 шілде 2025, 04:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.10.2024 09:57 #Қаржы құралдары

АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымы айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

/KASE, 31.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 31 қазанынан бастап айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары алынып тасталғанын хабарлайды:

  • US91282CFQ96 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US_38_2410; $41 995,0 млн; 31.10.22 – 31.10.24; жарты жылдық купон, жылдық 4,375 %; actual/actual);
  • US912797HE00 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US_89_2410; $48 802,0 млн; 02.11.23 – 31.10.24, actual/360);
  • US912828YM69 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US_99_2410; $45 287,0 млн; 31.10.19 – 31.10.24; жарты жылдық купон, жылдық 1,50 %, actual/actual).

US91282CFQ96 облигациялары 2024 жылдың 19 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 26 маусымынан бастап ашылды.

US912797HE00 облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылдың 14 қарашасынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 шілдесінен бастап ашылды.

US912828YM69 облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылдың 29 қарашасынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 28 мамырынан бастап ашылды.

[2024-10-31]