АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
29.10.24 09:27
/KASE, 29.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 436 430 дана;
- компанияның 1 265 680 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстанның Даму Банкі" болып табылады.
[2024-10-29]