29 қазаннан Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады

28.10.24 17:56
/KASE, 28.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 01 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 01 қарашасында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-10-28]