28 қазаннан бастап үш атаудағы облигациялар Т+ тізіміне енгізіледі
/KACC, 24.10.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 28 қазанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) мынадай облигациялар енгізілетін болады:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS2914770545, XS2914770974 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_23_3504) халықаралық облигациялары;
2) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00012052 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb79) облигациялары;
3) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011863 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb52) облигациялары.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2024-10-24]