KZ
16 шілде 2025, 03:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.10.2024 15:22 #Қаржы құралдары

30 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011687 (MFRFb14) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

/KASE, 24.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қазанынан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011687 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты; MFRFb14; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-10-24]