"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00010036 (MFRFb8)
облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды
24.10.24 09:31
/KASE, 24.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 қазанынан
бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Астана) KZ2P00010036 (KASE
баламалы алаңы "коммерциялық облигациялар", MFRFb8; 1 000 теңге, 1,0 млрд
теңге; 24.10.23 – 24.10.24; ай сайынғы купон, жылдық 20,00 %; 30/360)
облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылғанын хабарлайды
Аталған облигациялар 2023 жылдың 04 қыркүйегінен бастап баламалы алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген.
Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 24 қазанынан бастап ашылды.
[2024-10-24]