22 қазаннан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00012370 (MFSLb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

22.10.24 18:11
/KASE, 22.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 21 қазанында "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00012370 (MFSLb7; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; 30/360) дисконттық облигацияларын баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 22 қазанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSLb7/ [2024-10-22]