KZ
16 шілде 2025, 02:14
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.10.2024 10:28 #Қаржы құралдары

"Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00012370 (MFSLb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 22.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 21 қазанында "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00012370 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; 30/360) дисконттық облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға MFSLb7 қысқартылған белгісі (сауда-аттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2024-10-22]