АНОНС: 18 ҚАЗАНДА KASE BI DEVELOPMENT LTD. ЖЕКЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

17.10.24 11:30
/KASE, 17.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 қазанында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде институционалдық инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін BI Development Ltd. жеке компаниясының (бұдан әрі – BI Development Ltd.) өкілдерімен кездесу өтетінін хабарлайды. Іс-шараның басталуы – Алматы қаласының уақытымен 11:00, өткізу орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз-румы. Кездесу барысында BI Development Ltd. өкілдері теңгелік және долларлық облигацияларды шығару мен KASE-де орналастыруға байланысты таныстыру рәсімін өткізеді. Іс-шараның спикерлері: - Руслан Ембергенов, BI Development Ltd. қаржы директоры; - Сәкен Абильмажинов, BI Development Ltd. корпоративтік қаржы және қазынашылық жөніндегі басшысы; - Аманат Искаков, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest"АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры; - Роман Асильбеков, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; - Санжар Оспанов, "First Heartland Jusan Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің басқарушы директоры. Тіркелу үшін customers@kase.kz электрондық поштасы мекен-жайына хабарласу қажет. [2024-10-17]