KZ
4 шілде 2025, 14:31
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.10.2024 16:05 #KASE жаңалықтары

KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы жұмысын қорытындылады

/KASE, 16.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың тоғыз айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

  • KASE-дегі жалпы сауда көлемі 290,8 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға немесе 7,5 трлн теңгеге өсті.
  • KASE индексінің мәні 23,5%-ға өсіп, 5 171,79 тармақты құрады.
  • Акциялар нарығының капитализациясы 17,8%-ға немесе 4,7 трлн теңгеге өсіп, 31,5 трлн теңгеге жетті.
  • 2024 жылдың басынан бері 69 эмитенттің 151 бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілді, олардың 22-сі алғаш рет листинг рәсімінен өтті.
  • 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдеріне 256 эмитенттің 725 позициясынан тұратын мемлекеттік емес бағалы қағаздар енгізілді.

Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:

[2024-10-16]