/KASE, 16.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың тоғыз
айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі жалпы сауда көлемі 290,8 трлн теңгені құрады және 2023
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға немесе 7,5 трлн
теңгеге өсті.
- KASE индексінің мәні 23,5%-ға өсіп, 5 171,79 тармақты құрады.
- Акциялар нарығының капитализациясы 17,8%-ға немесе 4,7 трлн
теңгеге өсіп, 31,5 трлн теңгеге жетті.
- 2024 жылдың басынан бері 69 эмитенттің 151 бағалы қағаздары KASE
ресми тізіміне енгізілді, олардың 22-сі алғаш рет листинг рәсімінен өтті.
- 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдеріне 256 эмитенттің 725 позициясынан тұратын мемлекеттік емес
бағалы қағаздар енгізілді.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және
валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін,
сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат
KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:
-
https://kase.kz/files/press/ru/16_10_2024_Itogi_3q_kaz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/16_10_2024_Itogi_3q_rus.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/16_10_2024_Itogi_3q_eng.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-10-16]