KZ
7 шілде 2025, 04:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.10.2024 09:28 #Қаржы құралдары

16 қазаннан бастап Invesco iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізіледі

/KASE, 16.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 16 қазанынан бастап iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 (сауда коды – TLT_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілетін болады.

Аталған бағалы қағаздарға рұқсат берудің бастамашысы "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

[2024-10-16]