/KASE, 15.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
17 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 33 168 977 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 91,5517 % (кірістілігі – жылдық 13,00%) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдан 92,0471 % құрады (кірістілігі – жылдық 12,85 %).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын,
өтеуге дейін мерзімі 4,8 жыл МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өтеді" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1530738/
[2024-10-15]