KZ
1 шілде 2025, 01:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.10.2024 15:21 #Сауда-саттық ақпараты

15 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 15.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 17 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 7 957 097 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 87,3940 % % (кірістілігі – жылдық 13,15 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 87,5623 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,12 %).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 12,3 жыл МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-10-15]