/KASE, 15.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
17 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ
KZKD00001194 (MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 7 957 097 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 87,3940 % % (кірістілігі – жылдық 13,15 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдан 87,5623 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,12 %).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын,
өтеуге дейін мерзімі 12,3 жыл МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өтеді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1530732/
[2024-10-15]