KZ
2 шілде 2025, 07:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.10.2024 15:15 #Сауда-саттық ақпараты

15 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын МЕУКАМ KZKD00000543 (MUM0720_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 15.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 17 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00000543 (MUM0720_0015) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 48 984 583 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 96,1503 % (кірістілігі – жылдық 12,99%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 96,6241 % құрады (кірістілігі – жылдық 12,86%).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 5,4 жыл МЕУКАМ KZKD00001251 (MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-10-15]