/KASE, 15.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Береке Банк" АҚ (Алматы), KASE-ге былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
2024 жылдың 14 қазанында Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Банктің
шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингін
"В+" деңгейіне дейін төмендетті, болжам – "Тұрақты", және оны Rating Watch
Negative тізімінен алып тастады. Бүл рейтингтік әрекет Банктің жалғыз
акционерінің ауысуы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылды.
Рейтингтер:
- эмитенттің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт
рейтингі – "В+", болжамы "Тұрақты";
- эмитенттің шетелдік валютадағы қысқа мерзімді дефолт рейтингі – "В";
- тұрақтылық рейтингі – "b+";
- ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг – "BBB-(kaz)".
дәйексөздің соңы
Бұл ақпарат орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/BERK/berk_rating_141024_2661122435582.pdf
[2024-10-15]