"Фридом Финанс" АҚ "Fixed Income USD" ИИПҚ KZPF00000082 (FFIN_or) пайларын ұстаушыларға 2024 жылдың үшінші тоқсанына дивидендтер төленгені туралы хабарлады

15.10.24 09:19
/KASE, 15.10.24/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан, "Fixed Income USD" интервалды инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 11 қазанында KZPF00000082 (FFIN_or) пайларын ұстаушыларға 2024 жылдың үшінші тоқсанына дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 40 392 686,56 теңгені құрады, дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2024 жылдың 30 қыркүйек. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_dividends_111024.pdf [2024-10-15]