"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және Lesha Bank LLC (Public) "Bereke Bank" АҚ сату бойынша мәмілені аяқтады

09.10.24 14:15
/KASE, 09.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана), KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Бəйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жəне Lesha Bank LLC (Public) "Bereke Bank" АҚ-ның 100% акцияларын сату мəмілесінің аяқталғанын хабарлайды. Келісімнің барлық шарттары тараптармен сəтті келісілді. Мəмілені қазақстандық реттеушілер барлық тұрғыдан мақұлдады, оның ішінде тамыз айында Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігі Lesha Bank-тің банктік холдинг мəртебесін алуына келісімін жəне Bereke Bank-ті сатып алуға рұқсатын берді. "Bereke Bank" АҚ Қазақстанның ірі банктерінің қатарына жатады жəне клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Банк қазіргі клиенттері үшін өнімдер бойынша ағымдағы шарттарды сақтайды жəне өз қызметін коммерциялық əмбебап банк мəртебесінде жалғастырады. Қазіргі уақытта банк капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша белгіленген нормативтерді сақтай отырып, тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Акционер ауысқаннан кейін банктің нарықтағы позициясы одан əрі нығайтылмақшы. дәйексөздің соңы Осы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_081024_None.pdf [2024-10-09]