08 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 10 қыркүйекте болатын МЕУКАМ KZKD00000543 (MUM192_0002) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

08.10.24 15:13
/KASE, 08.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 10 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00000543 (MUM192_0002) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 26 476 304 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 78,2833 % (кірістілігі – жылдық 13,05%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 78,2935 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,05%). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 10 қазанда болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 3,5 жыл KZKD00000543 (MUM192_0002) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1530386/ [2024-10-08]