KZ
12 шілде 2025, 16:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.10.2024 10:58 #Бағалы қағаздар

АҚ "ForteBank" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 07.10.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "ForteBank" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
  • банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
  • банк өзінің 1 934 434 197 акциялары кері сатып алды;
  • банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 82 229 736 260 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,91 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 89,01 %) бар.

[2024-10-07]