KZ
12 шілде 2025, 10:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.10.2024 16:50 #Қаржы құралдары

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00012243 (BTRKb15) және KZ2C00012250 (BTRKb16) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2C00012243 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);
  • KZ2C00012250 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360).

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2023 жылдың 23 қазанында 1,5 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 11-ші және 12-ші болып табылады.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "First Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигацияларға қысқартылған белгілер (сәйкесінше BTRKb15 және BTRKb16) сауда-саттық кодтары берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-10-04]