"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00012243 (BTRKb15) және KZ2C00012250
(BTRKb16) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты
бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
04.10.24 16:50
/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана)
келесі облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00012243 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);
- KZ2C00012250 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2023 жылдың 23 қазанында
1,5 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тоғызыншы
облигациялық бағдарламасы шеңберінде 11-ші және 12-ші болып
табылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "First
Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға қысқартылған белгілер (сәйкесінше BTRKb15 және
BTRKb16) сауда-саттық кодтары берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-04]