"Фридом Банк Қазақстан" АҚ-ның үш шығарылымының облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

01.10.24 17:35
/KASE, 01.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 қазанында "Фридом Банк Қазақстан" АҚ (Алматы) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00011898 (1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 7 жыл; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон; 30/360), сауда-саттық коды – FFBNb2; - KZ2C00011922 (1 000 теңге; 36,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – FFBNb3; - KZ2C00011930 ($100, $50,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), торговый код – FFBNb4. Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. KZ2C00011898 облигацияларын шығару 2024 жылдың 26 тамызында 100,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Фридом Банк Қазақстан" АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады. KZ2C00011922 облигацияларын шығару 2024 жылдың 28 тамызында 200,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Фридом Банк Қазақстан" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады. KZ2C00011930 облигацияларын шығару 2024 жылдың 28 тамызында $300,0 млн сомасына тіркелген "Фридом Банк Қазақстан" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады. "Фридом Банк Қазақстан" АҚ қызметінің негізгі түрі – банк қызметі. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-10-01]