Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010809 (KFUSb71) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 01.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 қазанынан бастап "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00010809 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb71; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 26.09.24-26.09.26; жылдық купон, жылдық 12,50%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-10-01]