/KASE, 01.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде
"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012230 (MFLGb4;
1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 1 жыл 3 ай; тоқсан сайынғы купон, жылдық
20,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 01 қазанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFLGb4/
[2024-10-01]