01 қазаннан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012230 (MFLGb4) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

01.10.24 14:30
/KASE, 01.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012230 (MFLGb4; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 1 жыл 3 ай; тоқсан сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 01 қазанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFLGb4/ [2024-10-01]