"Еуразиялық банк" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

01.10.24 10:59
/KASE, 01.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 26 қыркүйегіндегі шешімімен А.А. Дәулетбаева банк Басқармасы Төрағасының орынбасары болып сайланғаны туралы KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Еуразиялық банк" АҚ Басқармасы жеті адамнан тұрады: Сатиева Л.А., Хамидуллин А.Е., Бекбосынов С.М., Қаппар Е.Ж., Дәулетбаева А.А., Ермеков Г.М., Альтамиров И.А. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_board_changes_260924_17961.pdf [2024-10-01]