/KASE, 30.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2024 жылдың 27 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай
түзетулер бекітілді:
- Листингілік ережелерге № 11 өзгертулер мен толықтырулар;
- Листингілік алымдардың мөлшерін, мерзімдерін және төлеу тәртібін
анықтау ережелеріне № 7 өзгертулер мен толықтыру;
- Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу
ережелеріне № 6 өзгертулер.
Бұл түзетулер 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап KASE Басқармасының 2024 жылдың
12 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Листингілік процедураларды жүзеге
асыру тәртібіне № 6 өзгертулер қолданысқа енгізіледі.
Түзетулер листингілік процедураларды, сондай-ақ листингілік талаптарды
өзектендіру және оңтайландыру мақсатында енгізілді.
Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген:
- басқа қор биржасында негізгі листингі бар бағалы қағаздарға қатысты
жеңілдетілген листинг процедурасын қолдану кезінде KASE
мойындайтын қор биржаларының тізбесін қалыптастыру тәртібін
анықтады;
- кейбір листингілік талаптар оңтайландырылған және нақтыланған,
сондай-ақ рұқсаттама бастамашылары ұсынған эмитенттердің
қаржылық есептілігіне қойылатын талап;
- эмитенттің қалауы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін кез келген
бағалы қағаздар бойынша алдын ала қорытынды беру көзделген;
- бағалы қағаздардың және/немесе олардың эмитентінің Листингілік
ережелерде белгіленген листингілік критерийлерге және/немесе
құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру мерзімі KASE
ресми тізіміне бағалы қағаздарды толық процедура бойынша енгізген
кезде – 10-нан бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Бұдан басқа, аталған құжаттардың мәтіндеріне процедуралық және
редакциялық түзетулер енгізілді.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Листинг"
қалташасы).
[2024-09-30]