KZ
4 шілде 2025, 10:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.09.2024 17:48 #Қаржы құралдары

"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00012271 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі ай сайынғы купон, айналыс басталған күнге жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2024 жылдың 15 наурызында 30,0 млрд теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде төртінші болып табылады.

"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.

Аталған облигацияларға MFRFb15 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-09-27]