"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15)
облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
27.09.24 17:48
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "R-Finance" микроқаржы
ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00012271 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл;
өзгермелі ай сайынғы купон, айналыс басталған күнге жылдық 20,00%;
30/360) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2024 жылдың 15 наурызында 30,0
млрд теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС
бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде төртінші болып табылады.
"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және
андеррайтері "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.
Аталған облигацияларға MFRFb15 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-09-27]