"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС
KZ2P00012115 (IKTTb1) облигациялары баламалы алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
27.09.24 17:38
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "Ғарыштық техника және
технологиялар институты" ЖШС (Алматы) KZ2P00012115 (1 000 теңге,
1,5 млрд теңге; 3 жыл; жылдық купон, жылдық 17,00%; 30/360)
облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС қаржылық
кеңесшісі және андеррайтері "Tengri Partners Investment Banking
(Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға IKTTb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС қызметінің негізгі
түрі – навигациялық құрылғылар мен ғарыш техникасы, сымсыз байланыс,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы, оның ішінде
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесіндегі ғылыми зерттеулер мен
эксперименттік әзірлемелер.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-09-27]