"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00012227 (BRKZb40) облигациялары
негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
27.09.24 17:33
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстанның Даму Банкі"
(Астана) KZ2C00012227 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 10 жыл,
жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;
30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңының
"облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 27 қазанында жалпы
сомасы 500,0 млрд теңгеге тіркелген "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде жетінші болып табылады.
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері
"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып
табылады.
Аталған облигацияларға BRKZb40 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE
интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2024-09-27]