Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011513 (MFAFb7) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00011513 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb7; $100; $4,0 млн; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас" бағасының екінші ондық таңбасына дейін, баға белгілеу валютасы – АҚШ долларына дейін белгіленген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-09-27]