/KASE, 25.09.24/ – 2024 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы
(KASE) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Citibank N. A.
қолдауымен Лондон қаласында (Ұлыбритания) "Kazakhstan Local Currency
Bond Market" тақырыбында конференция өткізді.
Іс-шараның мақсаты шетелдік инвесторларды қазақстандық қор нарығына,
бірінші кезекте мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына тарту болып
табылады.
Іс-шара аясында оның қатысушыларына Қазақстанның макроэкономикалық
көрсеткіштері, нарық құрылымы және оның болашағы туралы толық ақпарат
ұсынылды. Спикерлер қазақстандағы макроэкономикалық перспективалар
мен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады.
Осы іс-шараға арналған баспасөз млімдемесі KASE интернет-ресурсында
жарияланды:
-
https://kase.kz/files/press/ru/24_09_2024_KASE_NB_Citi_kaz.pdf –
қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/24_09_2024_KASE_NB_Citi_rus.pdf –
орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/24_09_2024_KASE_NB_Citi_eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-09-25]