KASE және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Kazakhstan Local Currency Bond Market" конференциясын өткізді

25.09.24 14:22
/KASE, 25.09.24/ – 2024 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы (KASE) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Citibank N. A. қолдауымен Лондон қаласында (Ұлыбритания) "Kazakhstan Local Currency Bond Market" тақырыбында конференция өткізді. Іс-шараның мақсаты шетелдік инвесторларды қазақстандық қор нарығына, бірінші кезекте мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына тарту болып табылады. Іс-шара аясында оның қатысушыларына Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері, нарық құрылымы және оның болашағы туралы толық ақпарат ұсынылды. Спикерлер қазақстандағы макроэкономикалық перспективалар мен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады. Осы іс-шараға арналған баспасөз млімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/files/press/ru/24_09_2024_KASE_NB_Citi_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/24_09_2024_KASE_NB_Citi_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/24_09_2024_KASE_NB_Citi_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-09-25]