"Kaspi Bank" АҚ акционерлері жай және артықшылықты акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

24.09.24 15:00
/KASE, 24.09.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 23 қыркүйекте өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 6 150 теңге мөлшерінде 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың 23 қыркүйегі. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_230924_17.pdf [2024-09-24]