KZ
12 шілде 2025, 13:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.09.2024 15:06 #Сауда-саттық ақпараты

24 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 қыркүйекте болатын МЕУКАМ KZKD00001251 (MUM072_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 24.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 26 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001251 (MUM072_0015) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 21 846 468 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 95,0270 % (кірістілігі – жылдық 13,29%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 95,1855 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,25%).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 5,5 жыл KZKD00001251 (MUM072_0015) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-09-24]