/KASE, 24.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
26 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
МЕУКАМ KZKD00001251 (MUM072_0015) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 21 846 468 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 95,0270 % (кірістілігі – жылдық 13,29%) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдан 95,1855 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,25%).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 қыркүйекте болатын
және өтеуге дейінгі мерзімі 5,5 жыл KZKD00001251 (MUM072_0015)
МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1529722/
[2024-09-24]