01 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ESG ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУДІ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАЙДЫ

24.09.24 10:26
/KASE, 24.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 қазанынан бастап келесі ESG индекстері мен индикаторларын есептеуді және жариялауды бастайды: - KASE_ESGB_CP – KASE ресми тізіміне негізгі және баламалы алаңдары бойынша енгізілген ESG облигацияларының "таза" бағаларының индексі; - KASE_ESGB_DP – KASE ресми тізіміне негізгі және балама алаңдары бойынша енгізілген ESG облигацияларының "таза емес" бағасының индексі; - KASE_ESGB_Y – ESG облигациялардың индексінің кірістілік индикаторы (жылдық пайызбен); - ESG облигациялары индексінің дюрациясы (жылдармен). ETF облигациялардың индекстерін есептеуді іске қосу "жасыл" экономиканы дамыту саласындағы әлемдік үрдістерге сәйкес KASE-де ESG облигациялары нарығын дамыту мақсатында іске асырылды. ESG облигацияларының индексін есептеу формулаларында борыштық қаржы құралдары үшін индекстерді анықтаудың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша стандартты тәсіл бар. ESG облигацияларының бағасы ретінде индекстер мен индикаторларды есептеу үшін нарық қатысушыларының ESG облигацияларына қызығушылығы елеулі көрінгенге дейін KASE Клирингк орталығының "Бағалы қағаздардың есептік бағаларын анықтау әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес анықталған баға пайдаланылатын болады. KASE_ESGB_CP индексінің бастапқы мәні 100,00 пункт деңгейінде, KASE_ESGB_DP индексінің бастапқы мәні жинақталған купондық сыйақының орташа мәнін (пайызбен) қоса отырып, 100,00 пункт деңгейінде тіркелген. Индекстердің мәндері Астана қаласы уақытының 17:30-дағы жұмыс күндері бойынша күніне бір рет есептеледі және KASE интернет-ресурсында "Қор нарығының индикаторлары" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/stock_market/ Бұдан бұрын хабарланғандай, 01 қазаннан бастап о ESG блигацияларының индекстерін есептеу әдістемесі анықталған жаңа редакциядағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжаты (әдістеме) қолданысқа енгізіледі. Жаңа редакциядаы Әдістеме мына сілтеме бойынша KASE интернет-ресурсында жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер" қалташасы). [2024-09-24]