Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008083 (EABRb21) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

23.09.24 10:13
/KASE, 23.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008083 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb21; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 21.09.21 – 21.09.24; жылдық купон, жылдық 10,50%; 30/360) "жасыл" облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 20 қыркүйегінде енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 22 қыркүйегінен бастап ашылды. [2024-09-23]