/KASE, 18.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
Басқармасының 2024 жылдың 17 қыркүйегіндегі шешімімен 2024 жылдың
01 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Қор нарығының индекстері
мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжаты (әдістеме)
жаңа редакцияда бекітілді.
Әдістеменің жаңа редакциясы құжат мәтінін өзектендіру және
облигациялардың ESG индекстерін есептеу әдістемесін анықтау
мақсатында әзірленді.
Әдістеменің жаңа редакциясында келесі ESG индекстері мен
индикаторларын есептеу тәртібі анықталды:
- KASE_ESGB_CP – негізгі және баламалы алаңдарға KASE ресми
тізіміне енгізілген облигациялардың ESG "таза" бағаларының индексі;
- KASE_ESGB_DP – негізгі және балама алаңдарға KASE ресми тізіміне
енгізілген ESG облигацияларының "таза емес" бағаларының индексі;
- KASE_ESGB_Y – ESG облигациялар индексінің кірістілік индикаторы,
жылдық пайызбен;
- ESG облигациялар индексінің ұзақтығы, жылдармен.
Облигациялардың ESG индекстері мен индикаторларын есептеу Қазақстан
Республикасындағы жұмыс күндері бойынша күніне бір рет жүзеге
асырылатын болады.
Бұдан басқа, өкілдік тізімге енгізу үшін облигациялардың қажетті санының
болмауына байланысты баламалы алаңның корпоративтік
облигацияларының индекстерін (KASE_BA* сериясының индекстері)
есептеу әдістемеден алынып тасталды.
2024 жылдың 01 қазанынан бастап қолданыстағы редакциядағы әдістеме
күші жойылды деп танылады.
Әдістеме жаңа редакцияда мына сілтеме бойынша KASE интернет-ресурсында
жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер" қалташасы).
[2024-09-18]