KZ
9 шілде 2025, 13:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.09.2024 15:08 #Сауда-саттық ақпараты

17 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 қыркүйекте болатын МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 17.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 19 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 21 324 106 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 90,1974 % (кірістілігі – жылдық 13,40%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 90,3761 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,34%).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 4,9 жыл KZKD00001160 (MUM096_0012) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-09-17]